
ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАЙТЫН ИГІ ІС
“ORDA” жоғары колледжінің Студенттік Парламенті жанындағы “Қамқорлық” фракциясы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Білім алушылар өз қолдарынан тағамдар дайындап, жәрмеңке ұйымдастыру арқылы қоғамға қолдау көрсетудің тамаша үлгісін көрсетті.
Жәрмеңке колледж қабырғасында өтіп, студенттер мен оқытушылар арасында жылы ықыласпен қабылданды. Әрбір тағам сатылымынан түскен қаражат игі мақсатқа бағытталды. Жиналған қаражатқа колледжіміздің 1-курс білім алушысының отбасы жағдайына байланысты қажет азық-түлік алынып, арнайы үйіне жеткізілді.
Бұл іс-шара тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар бір-бірімізге деген жанашырлық пен ынтымақты нығайта түсті. Колледж жастарының мейірімділік пен қамқорлық танытуы – қоғамда ізгілік пен жақсылықтың бастамасы екенін көрсетті.
Осы акцияның сәтті өтуіне атсалысқан барлық студенттерге, оқытушыларға, әсіресе “Қамқорлық” фракциясының мүшелеріне алғыс айтамыз. Бірге болғанда ғана әрбір жақсылықтың мағынасы артып, қоғамға пайдасын тигізеді!