• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.11.2024
  • 30

“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ WORLD SKILLS KAZAKHSTAN-2024 ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚАРСЫ АЛДЫ

“ORDA” жоғары колледжінің ұжымы WorldSkills Kazakhstan-2024 Ұлттық чемпионатына қатысып, жеңіспен оралған студенттерімізді зор қуанышпен қарсы алды!
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас мамандар қатысқан бұл айтулы шарада колледжіміздің білім алушылары шеберліктерін көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс барысында шәкірттеріміз жоғары кәсіби деңгейлерін дәлелдеп, біздің білім ордамыздың абыройын тағы да асқақтатты.
Осы  жеңістерге жету жолында еңбек еткен барлық студенттерімізге және оларды дайындаған жетекшілеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен жанкешті дайындықтарыңыздың арқасында бұл жеңіс мүмкін болды!
ORDA колледжі сіздермен мақтанады! Жас мамандарымызға алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыра беріңіздер деп тілек білдіреміз!