• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.11.2024
  • 22

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

БҚ-9-34Г тобында “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі Б.Бауыржанқызының жетекшілігімен студенттер құқықтық білімді арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеу мен оны орындаудың маңыздылығы туралы талқылау жүргізді.
Сабақ барысында білім алушылар ақпараттық жұмыстардан кейін өз ойларын ортаға салып, қоғамда құқық бұзушылықтарды болдырмаудың маңыздылығын атап өтті. Олар:
 ✔️ Біздің қоғамның негізі – заңға құрмет пен әділдікке ұмтылыс. Тек заңды құрметтеу арқылы ғана әділетті әрі мықты қоғам құруға болады.
 ✔️ Құқық бұзушылық жасамау – бұл тек заң талаптарын сақтау ғана емес, өзіміздің және айналамыздағы адамдардың амандығы мен тыныштығын құрметтеу.
 ✔️ Әрбір дұрыс әрекетіміз арқылы біз жақсы болашаққа қадам басамыз.
 ✔️ Өзімізді және қоғамымызды қорғау үшін құқықтық білімімізді арттырып, заңды құрметтеуіміз қажет деген оймен тәрбие сағатын қорытындылады.
Бұндай тәрбие сағаттары білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етеді.