
БАЛАНС: ҚЫЗ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
“Сыр мен сымбат” сырласу клубының ұйымдастыруымен қыз балаларға арналған “Баланс” атты тренинг өтті. Шараға әлеуметтік желіде белсенді рухани психолог, қазіргі кезде “Stem school” психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Тренинг барысында жеке өмір, өзін-өзі қолдау және ішкі күй тақырыптары талқыланып, қыздарға маңызды психологиялық кеңестер берілді. Қатысушылар түрлі жаттығуларды орындау арқылы өз іштеріндегі өкпе-реніштерінен арылып, жеңілдік сезінгендерін жеткізді.
Мұндай кездесулер қыздардың рухани дамуына, өзін-өзі тануға және психологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң әсер етеді.