• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 21.11.2024
  • 42

БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫМЫЗ!

ТӨ-9-13г тобының жетекшісі Құздыбаева Жадыраның ұйымдастыруымен “Буллингке қарсымыз” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында студенттерге буллингтің салдары, оның жеке тұлғаға және қоғамға тигізетін зияны жайлы жан-жақты түсіндірілді, түрлері және оның алдын алу жолдары талқыланды. Топ жетекшісі студенттерді бір-біріне құрметпен қарап, мейірімді болуға шақырып, буллингтің тек жәбірленушіге ғана емес, жалпы қоғамның моральдық ахуалына кері әсер ететінін атап өтті.
Тәрбие сағатының қорытындысында студенттер мейірімділік пен құрмет – мықты және әділетті қоғамның негізі екенін түсініп, буллингке жол бермеу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екенін айтып, ой толғады.