
ЖАСТАР ЖӘНЕ ҚОҒАМ: САЛА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
«ORDA» жоғары колледжінде «Жастар және қоғам» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жастардың психикалық денсаулығын нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу және оларды белсенді өмірге ынталандыру мақсатында өткізілген кездесуге Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Нұрпейісова Эльвира Қыдырәліқызы, Қызылорда облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Жұмабаев Бахытжан Серікович және Қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Медет Жорабек қатысты.
Шара барысында қонақтар жастармен еркін пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар студенттерге психикалық денсаулықты сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық белсенділіктің маңыздылығы туралы құнды ақпарат берді.
Студенттер мамандардың кеңестерін тыңдап, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Мұндай кездесулер жастардың өзін-өзі дамытуына, қоғамдағы орнын түсінуге және белсенді азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.