
ТАҚЫРЫБЫ: “ОЙЫНҚҰМАРЛЫҚ – ТӘУЕЛДІЛІК”
ВЕБ-9-14Г тобында қоғам үшін өзекті мәселе – ойынқұмарлық және оның жеке адам мен қоғамға тигізетін зияны тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Шара барысында ойынқұмарлықтың психологиялық және физикалық симптомдары түсіндіріліп, бұл тәуелділіктің пайда болу себептері жан-жақты талқыланды. Стресс, жалғыздық, депрессия және өзін-өзі бағалаудың төмендігі сияқты факторлардың бұл мәселеге қалай әсер ететіні сарапталды.
Сондай-ақ, ойынқұмарлықтың отбасылық және әлеуметтік салдары талқыланып, оның адам өміріне тигізетін теріс әсерлері туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар бұл қиындықпен күресу жолдарын анықтап, келесі маңызды қадамдарға тоқталды:
✅ Ойыннан толықтай бас тарту;
✅ Кәсіби мамандардың көмегіне жүгіну;
✅ Жаңа қызығушылықтар мен мақсаттарға бағытталу.
Бұл тәрбие сағаты студенттерге тек ақпарат қана беріп қоймай, өмірлік маңызы бар құндылықтарды қайта қарауға және қиын жағдайлардан шығудың нақты жолдарын түсінуге мүмкіндік берді.
➡️ Сіз осындай мәселелермен бетпе-бет келген жандарға қандай кеңес берер едіңіз? Пікіріңізді бөлісіңіз!
Топ жетекшісі: Бухарбаева Айсұлу