
КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
“ORDA” жоғары колледжі студенттері Қырғызстан республикасы Бішкек қаласындағы “БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫНЫҢ” ұйымдастырумен өткен «Жастар және ғылым: халықаралық серіктестік пен тәжірибе алмасуға негіз болатын білім мен тұрақты даму интеграциясы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, оқу жылының басында қырғыз еліндегі аталмыш оқу орны мен “ORDA” жоғары колледжі арасында келісім болып, меморандумға қол қойылған еді.
Осы екі жақты келісім негізінде конференцияға колледж студенттері Литвинов Роман, Русланова Вероника Руслановна, Татаева Лимана Мусаевна қатысып, сертификаттармен марпатталды.
Осы тұрғыда, конференцияға қатысушыларға жетекшілік жасаған оқытушыларымыз Жусупова Бота, Турмагамбетова Лаззат, Тажикова Гульшараға және студенттеріміздің халықаралық деңгейдегі ғылыми жұмысқа қатысуларына мұрындық болған колледж әдіскері Бекенова Айнұр Ерталапқызына алғыс білдіреміз!