
АШЫҚ САБАҚТА ОЙЫННЫҢ МАҢЫЗЫН КӨРСЕТТІ
Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар бөлімінің арнайы пән оқытушысы А.Б. Ләзи “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының МТ-9-13Г оқу тобында “Ойын – балабақшадағы оқу құралы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ ұйымдастырушылық, операциялық және рефлексиялық кезеңдерге бөлініп, әр кезеңде жаңашыл әдістер мен заманауи көрнекіліктер пайдаланылды. Интерактивті әдістердің көмегімен білім алушылар ойынның дидактикалық және тәрбиелік мәнін зерттеп, оның балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлін талдады. Сабақта қолданылған әдістер тек теориямен шектелмей, тәжірибеге негізделген, яғни студенттер ойын түрлерін іс жүзінде қолдану арқылы білімдерін бекітті.
Топтық тапсырмалар білім алушылардың қызығушылығын оятып, белсенді қатысуға ынталандырды. Сабақ соңында рефлексиялық кезеңде студенттер өз ойларын ортаға салып, ойынның тәрбиелік және оқыту үдерісіндегі маңыздылығын талқылады.
Бұл сабақ болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, оларды мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға дайындаудың жарқын үлгісі болды. Осындай мазмұнды, жаңашыл және тиімді әдістерге негізделген сабақтар білім алушылардың теориялық және тәжірибелік білімдерін үйлесімді дамытуға зор ықпал етеді.