• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.11.2024
  • 13

КОЛЛЕДЖІМІЗДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ӨТТІ

22 қараша күні колледжімізде Қызылорда қаласындағы колледждер арасында “Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны” тақырыбында ағылшын тілінде пікірсайыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің ұшқыр ойлау қабілеттерін дамыту және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Пікірсайысқа төрелік еткен әділ-қазылар алқасы:
🔺Самат Асел - “Study Link” оқу орталығының оқытушысы;
🔺Chinonco Josua - Нигериядан келген “Study Link” оқу орталығының оқытушысы;
🔺 Ускинбаева Рауа Амитқызы - “Orda” жоғары колледжінің тәжірибелі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.
Сайысқа қала колледждерінен 8 команда қатысып, өз ойларын ағылшын тілінде нақты әрі сенімді түрде жеткізуге тырысты. Қызықты пікірталастар мен мазмұнды пікірлерге толы өткен жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
І ОРЫН
🔹М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
ІІ ОРЫН
🔹“Bolashaq” жоғары колледжі
🔹Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі
ІІІ ОРЫН
🔹И.Әбдікарімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжі
🔹“Өркениет” медицина колледжі
🔹Қызылорда медициналық жоғары колледжі
🔹М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжі
Бұл шара студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеріп қана қоймай, олардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Осындай білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!