
ШЫҒАРМА ЖАЗУДАН БАЙҚАУ ӨТТІ
24 қараша күні “ORDA” жоғары колледжінде өңірлік "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акциясы" аясында 1-курс студенттері арасында “Мен есірткісіз өмірді қолдаймын” тақырыбында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында студенттер есірткінің зияны, оның адам өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ салауатты және саналы өмір салтының артықшылықтары туралы өз ойларын қағаз бетіне түсірді. Жастардың шығармаларынан олардың терең ойлау қабілеті, жауапкершілік сезімі және қоғамдағы өзекті мәселелерге деген белсенді азаматтық көзқарасы байқалды.
Студенттер арасында есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқау нәтижесінде:
І ОРЫН
🔺Тоқбергенов Мерей, ИНФ-9-14г оқу тобының студенті;
ІІ ОРЫН
🔺Сағидулла Айя, АҚ-9-14г оқу тобының студенті;
🔺Тұрсынғали Ару, ТӨ-9-14г оқу тобының студенті;
ІІІ ОРЫН
🔺Әділ Нұрталап, ИНФ-9-14г оқу тобының студенті;
🔺Серикбаева Назым, ТӨ-9-14г оқу тобының студенті;
🔺Қалданбек Аруай, АҚ-9-14г оқу тобының студенті жеңісті орындарға ие болды.
Бұл шара жастар арасында салауатты өмір салтын қолдауды насихаттаумен қатар, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, есірткісіз өмірдің құндылығын түсінуге бағытталған қадамдардың бірі болды.