• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 26.11.2024
  • 14

“Ерлік мектебі” әскери-патриоттық үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Бұл жолы 1-курс білім алушыларына “Тыныс алу органдарын химиялық және бактериологиялық қарудан қорғау тәсілдері” тақырыбында дәріс өткізілді.
Үйірме сабағы барысында студенттерге химиялық және бактериологиялық қарудың қауіптілігі, одан қорғану әдістері мен құралдары туралы жан-жақты түсіндіріліп, тәжірибелік кеңестер берілді.
Бұл үйірме сағаты студенттердің қорғаныс дағдыларын дамытуға, әскери дайындық туралы түсініктерін кеңейтуге және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйренуге бағытталды. Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мен жауапкершілік арттыру мақсатында осындай сабақтар тұрақты түрде өткізілуде.
Сабақты үйірме жетекшілері Н.Тәжібаев және А.Нұрмағамбетов жүргізді.