• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 26.11.2024
  • 13

“Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар” бөлімінің бітіруші курс студенттері үшін кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттандыру жұмысы ұйымдастырылды.

Бұл іс-шараға арнайы шақырылған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің “Рекрутинг бөлімі және мансап” орталығының әдіскері Арыстанбек Абай Русланұлы бітіруші студенттерге орта арнаулы білімнен кейінгі оқу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында студенттер жоғары оқу орнына құжат тапсыру ережелері, мамандық таңдау жолдары, сондай-ақ білімдерін жалғастыруға қатысты жаңалықтармен танысты. Әдіскер өз кезегінде студенттердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ мансаптарын жоспарлауға қажетті кеңестер берді.
PS: Бұндай ақпараттық жұмыстар студенттердің кәсіби өсуіне бағытталған маңызды қадам болып табылады.