
СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2024 жылдың 26 қарашасында "Техникалық мамандықтар" бөлімінің ұйымдастыруымен өңірімізде өтіп жатқан "Нашақорлыққа қарсы бір айлық акцияға" орай «Есірткінің адамзатқа әсері» тақырыбында студенттер арасында сурет байқауы өтті. Байқауға 12 оқу тобынан 33 студент қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс барысында студенттер өздерінің салған суреттерінің мағынасын түсіндіріп, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерді.
Байқау нәтижесінде бәсекеге қабілетті, өнерге жақын студенттер жүлделі 1, 2, 3 орындармен және алғысхаттармен марапатталды.Салынған суреттер фойеде көрмеге қойылып, көрермендер назарына ұсынылды.
Бұл шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және есірткінің зиянды әсерлеріне назар аудартуға үлесін қосты деп санаймыз.