• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 28.11.2024
  • 13

ҮЙІРМЕНІҢ ҮЙРЕТЕРІ КӨП

Спорт – денсаулық кепілі. Ал футбол – әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі ғана емес, ол жастарды тәртіпке, жауапкершілікке және командада жұмыс істеуге баулитын ерекше құрал. Осыған орай, “Дене шынықтыру және ЖБП” бөліміне қарасты “Жас футболист” үйірмесі колледж студенттерін спортқа баулып келеді.
“Жас футболист” – жастарды дене шынықтырумен айналысуға және бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Бұл тек спорттық дағдыларды ғана емес, өз-өзіне деген сенімділікті, тәртіпті, ұжымда өз орнын табуды дамытатын бірегей орта.
Егер сіздің мақсатыңыз – денсаулықты нығайтып, футболда өз шеберлігіңізді арттыру болса, “Жас футболист” үйірмесі сізді күтеді! Болашақ чемпиондардың қатарында болуға асығыңыз!
Үйірменің кестесі:
📅 Дүйсенбі және бейсенбі күндері
🕔 17:40
Жетекшілері:
⚽️ Бейсенбай Нұр
⚽️ Сражден Жанболат