• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 29.11.2024
  • 12

ОҚУҒА ҚҰШТАР ҰЛТ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

2024 жылдың 27 қараша күні “Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар” бөлімінде “Оқуға құштар колледж – оқуға құштар ұлт” жобасының салтанатты ашылуы өткізілді. Жобаның басты мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімнің маңыздылығын насихаттау және оқу арқылы жеке тұлғаны дамытуға ықпал ету.
Ашылу салтанаты ерекше кеш түрінде ұйымдастырылып, жоба студенттерді шабыттандыратын мазмұнымен және қызықты форматымен есте қалды. Іс-шара барысында бөлімге қарасты педагогикалық мамандықтардың студенттері арнайы ұяшықтарды таңдау арқылы өздеріне ұнайтын кітаптарды таңдап алды.
Студенттер 10 күннен кейін, 9 желтоқсан күні таңдалған кітаптары бойынша “Кітап талқы” өткізеді де, келесі кезеңге жолдама алады.
Бұл жоба – студенттердің оқуға деген ынтасын арттырып, кітап арқылы дүниетанымын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам. Студенттерді рухани байыту, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітап оқуды күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру – жобаның негізгі міндеттері болып табылады.
Жобаны ұйымдастырушылар:
Алибаева А.Е., Утешева С.М.