• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 29.11.2024
  • 13

“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ “ЕҢ МЕЙІРІМДІ ҰЖЫМ” АТАНДЫ

2024 жылы Республикалық еріктілердің “BIRGEMIZ” фронт-офисі еріктілердің қайырымды істерін қорытындылай отырып, “ORDA” жоғары колледжін “Ең мейірімді ұжым” деп таныды.
Құттықтаймыз! 🎉
Бұл жетістік колледж ұжымының қайырымдылыққа деген шынайы ниеті мен қоғамға жасаған игі істерінің арқасында келді. Құрылтайшы З.Басықарақызының бастамасымен ұжым 3 жылдан бері тұрақты түрде “Жанашыр ұжым” атты қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, колледж қызметкері және облыстық еріктілер қоғамының белсенді мүшесі А.Бекенованың жетекшілігімен студенттер еріктілікпен белсенді айналысып, көптеген игі істер атқарды. Олар әртүрлі қайырымдылық акциялары мен әлеуметтік бастамаларға қатысып, қоғамның алғысына бөленді.
“ORDA” жоғары колледжінің “Ең мейірімді ұжым” атануы – бұл ұжымның мейірімділікке, жанашырлыққа және адамгершілікке негізделген еңбегінің лайықты бағасы.
Алдағы уақытта колледж ұжымына табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!