
"DIGITAL ORDA" ІІ КЕЗЕҢГЕ СТАРТ АЛДЫ
Оқу орнындағы биылғы жылдың үлкен жобасының бірі - “Digital ORDA” жобасының I туры қорытындыланып, ІІ турдың тапсырмалары берілді.
Жоғары деңгейде орындалған І тур жұмыстары қазылар алқасының және көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Шараға қазылық еткен “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының “Ақпараттық технологиялары және баспа қызметі” бөлімінің әдіскері Қонақбай Жәнібек Жұмабайұлының шешімімен:
✔️ 1-орын - “АІТ” командасы;
✔️ 2-орын - “Абсолют” командасы;
✔️ 3-орын - “RTX” және “Smartwave” командасына тиесілі болды.
Қатысушыларды тамаша нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы ІІ турда кездескенше!