• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 03.12.2024
  • 13

АК-9-12г оқу тобында “Ана қадірі” атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты – ананың өмірдегі рөлін ұлықтау, оның шексіз махаббаты мен мейірімін бағалай білуге үйрету болды.
Тәрбие сағаты барысында студенттер аналардың қадір-қасиетін ашатын шығармашылық жұмыстармен бөлісіп, жүрекжарды өлеңдері мен алғыс сөздерін жеткізді. Әрбір айтылған сөз ананың өмірдегі орны мен маңызын ұғындырып, оның жан жылуының баға жетпес құндылық екенін көрсетті. Аналарға арналған шығармалар мен өлеңдер оқылып, олардың өмірден алынған ақыл-кеңестері тыңдалды.
Шараның ең әсерлі сәті – студенттердің топ болып аналарға арнап орындаған әні болды. Бұл ән тәрбие сағатының шынайы ықыласпен және жылы эмоциялармен аяқталуына ықпал етті.
Топ жетекшісі - А.Әбділақатова