
ЕСІРТКІМЕН АЙНАЛЫСУ - БОЛАШАҒЫҢДЫ ҚҰРТАДЫ!
Есірткі – уақытша ләззат, бірақ өмір бойы өкінішке апаратын жол. Бұл тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, отбасыңыз бен болашағыңызға да үлкен қауіп төндіреді.
Есірткімен айналысудың қауіптілігі:
✔️ Денсаулыққа зиян:
Есірткі адамның ағзасын улап, өмірлік маңызды органдардың жұмысын бұзады. Әсіресе жүрек, ми, бауыр зақымданады.
✔️ Заң алдында жауапкершілік:
Есірткі өндіру, сату, немесе қолдану үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі бар.
✔️ Отбасынан айырылу:
Есірткіге тәуелділік жақындарыңызбен қарым-қатынасты бұзады, олардың сенімін жоғалтуға әкеледі.
✔️ Қоғамдағы орныңызды жоғалту:
Есірткі адамды моральдық, рухани және материалдық жағынан құлдыратады.
Сақ бол! Қателікке жол берме!