• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 05.12.2024
  • 14

АЛҒАШҚЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕН - ҰСТАЗДЫҚҚА ЖОЛ

2024 жылдың 25 қарашасы мен 28 желтоқсаны аралығында “Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының 2-курс студенттері алғашқы педагогикалық тәжірибеден өтуде. 
Бұл тәжірибе студенттер үшін өз білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға, кәсіби шеберліктерін шыңдауға зор мүмкіндік берді. Практика барысында студенттер өздерінің жақсы қырларымен танылды: олар сабақты түрлендіріп, жаңа технологияларды тиімді қолдануды меңгеріп, көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай дайындап, сыныпта өздерін еркін әрі сенімді ұстауды үйренуде. 
Сонымен қатар, олар мұғалімдердің  сабақтарына қатысып, өзара тәжірибе алмасты, жауапкершілік пен ізденімпаздықтарын көрсетті. Барлық сабақтары сынып мұғалімдерінің қатысуымен жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуда.
Машықтанушыларымыздың бірі - ҚТ-9-13г оқу тобының студенті Мардан Луиза М.А.Сужиков атындағы №6 орта мектебінде тәжірибе жинақтауда. Луиза 5«Б» сыныбында “Қазақ тілі” пәнінен “Хобби деген не?” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың белсенділігін арттыру әдістерін шебер қолданды, тақырыпты толық меңгеруге жағдай жасады. 
Бұл тәжірибе студенттердің кәсіби біліктілігін дамытуда маңызды рөл атқарды.