
“ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ РӨЛІ” ТРЕНИНГІ
2024 жылдың 5 желтоқсанында З-9-12 оқу тобының ата-аналарының қатысуымен “Отбасындағы ата-ана мен баланың рөлі” тақырыбында тренинг-сабақ өтті.
Шараның мақсаты – ата-аналар мен балалар арасында сенімге негізделген өзара түсіністік пен тиімді диалог қалыптастыру. Тренинг барысында отбасындағы тәрбие, жауапкершілік, махаббат және сыйластық секілді маңызды ұғымдарға баса назар аударылды.
Ата-аналар топтарға бөлініп, ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, бос гүл күлтелеріне балаларының жақсы қасиеттерін жазып, оны ортаға салып, отбасындағы сүйіспеншілік пен байланыс одан әрі нығайтылды.
Бұл тренинг ата-аналар мен балалардың бір-бірін тереңірек түсініп, қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етті.
Ұйымдастырушы - топ жетекшісі Л. Елимбетов