
МАРАПАТ БИІГІНЕН КӨРІНДІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті ұйымдастырған “Игі істер марафоны” жобасы Астана төрінде қорытындыланды.
Жоба қайырымдылық пен волонтерлік мәдениетті дамытуға және әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға қолдау көрсетуіне бағытталған еді. Марафон барысында елімізде көптеген игі істер атқарылып, қоғамда мейірімділік пен адамгершілік құндылықтары нығая түсті.
Жобада “Ең мейірімді ұжым” номинациясы бойынша “Orda” жоғары колледжі жеңімпаз атанды. Бұл марапат – колледж ұжымының қайырымдылық пен бірлік жолындағы зор еңбегінің нәтижесі.
Сонымен қатар, колледж оқытушы-еріктісі Бекенова Айнұр Ерталапқызы еріктілік қызметі үшін алғысхатпен мараптталды.
Барлық ұжым мен студенттер қауымына алғысымызды білдіреміз және осындай бастамалар жалғасын табарына сенеміз!