• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.12.2024
  • 17

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ КӨРМЕСІ

6 желтоқсан күні «Орда» жоғары колледжі мен «Ер Тарғын» бөбекжай-бақшасы арасындағы дуалды оқыту келісімшарты негізінде “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” мамандығының 2-курс білім алушылары алғашқы тәжірибелік сабақтарын бастады.
Тәжіибе сабақ барысында  Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің қолдауымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ерекше іс-шара өтті.
МТ-9-13г оқу тобының машықтанушы студенттері арасында ұйымдастырылған «Ұлттық мұра – ұлт қазынасы» тақырыбындағы көрмеде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Көрме  ұлттық адами құндылықтарды дәріптей отырып, тәжірибе алмасуға жағдай жасауды мақсат тұтты.
Көрме нәтижесінде үздік шығармашылығымен көзге түскен студенттер марапаттарға ие болды:
✔️ І дәрежелі диплом – Пазыл Жансая
✔️ ІІ дәрежелі диплом – Жақсылықова Анель
✔️ ІІІ дәрежелі диплом – Өтеш Қымбат
Сонымен қатар, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара жас мамандардың тәжірибесін арттырып, ұлттық мұраны дәріптеу бағытында ерекше маңызға ие болды.