• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.12.2024
  • 9

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК

ШТ-9-14г оқу тобы есірткіге қарсы күрес мәселесіне арналған тәрбие сағатын өткізді. «Жарқын болашақ үшін бірге күресейік» тақырыбында өткен тәрбие сағатында жастар арасындағы өзекті мәселелерді қозғап, есірткі заттарының адам денсаулығына, өміріне, және қоғамға тигізетін кері әсерлерін талқылауға арналды.
Тәрбие сағатында:
✔️ Есірткінің зияны туралы нақты мәліметтер берілді;
✔️ Салауатты өмір салтының құндылығы мен оны сақтау жолдары талқыланды;
✔️ Жеке және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар қарастырылды.
Топтық пікірталастар негізінде өткен шарада қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық жеткізуге мүмкіндік алды.
Бұл тәрбие сағаты жас ұрпақтың салауатты болашаққа деген ұмтылысын күшейтіп, олардың бойында өзіне және қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін оятуға үлкен үлес қосты.
Топ жетекшісі: Казиева А.Н.