• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.12.2024
  • 10

ОТБАСЫНДАҒЫ РӨЛДЕР МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

2024 жылдың 5 желтоқсанында АҚ-9-12г оқу тобында «Отбасындағы рөлдер мен қарым-қатынас» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіруге арналды. Шараның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің рөлдері мен олардың арасындағы қарым-қатынасқа мән беру, ата-ана мен баланың сүйіспеншілігі мен сыйластығының маңызын ұғындыру, сондай-ақ отбасылық мәселелерді бірлесіп шешудің маңыздылығын көрсету.
Топ тәлімгері Қ. Зұлхарнаева отбасындағы қарым-қатынастың негізін мынадай маңызды бағыттар арқылы түсіндірді: ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі – отбасының негізін құрайтын басты құндылық, сыйластық – ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынастың кепілі, ал бірлескен шешімдер отбасының берекесін сақтайтын маңызды әрекеттердің бірі. Іс-шара барысында студенттер отбасылық қарым-қатынастардың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа қатысты. Отбасының сүйіспеншілік пен қолдауға негізделген тірек екенін тағы бір рет дәлелдейтін маңызды сабақ болды.