
“ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ӨМІР ТІРЕГІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
8 желтоқсан күні ББ-9-11, ТӨ-9-14г, ТӨ-9-34г, ББ-9-14г оқу топтарының қатысуымен “ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ӨМІР ТІРЕГІ” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті.
Шараға ҚР Психологиялық ассоциациясының мүшесі, психолог-тренер және коуч Аймаханова Назира Кенжебекқызы, «ORDA» жоғары колледжі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызы, сондай-ақ колледж психологы Асанова Дина Қазыбайқызы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында студент қыздар отбасы құндылықтары туралы өз ойларымен бөлісіп, өмірде кездесетін түрлі мәселелерді талқылады. Ашық әрі еркін атмосферада сырласу жүріп, студенттер мамандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, психологиялық тұрғыдан кәсіби кеңес алды.
Аймаханова Назира Кенжебекқызының жетекшілігімен өткен талқылау қатысушылар үшін ерекше пайдалы болды. Ол отбасының қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіріп, күнделікті өмірде туындайтын қиындықтарды қалай жеңуге болатыны жайлы құнды кеңестерімен бөлісті.
Шара соңында Назира Кенжебекқызы белсенділік танытып, өз ойын еркін әрі терең жеткізе білген үш студентке арнайы сыйлық ретінде жеке қабылдауына арналған сертификаттар табыстады. Бұл студенттер үшін үлкен мотивация әрі психологиялық тұрғыдан дамуға мүмкіндік болып табылады.
Дөңгелек үстел қатысушылардың көңілінен шығып, оларға үлкен әсер қалдырды. Мұндай шаралар жастардың өмірлік құндылықтарын айқындап, болашаққа сенімді қадам басуына ықпал етеді.
Ұйымдастырушы: ББ-9-11 оқу тобының жетекшісі Фазылова Г.М.