
АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
9 желтоқсан күні “Техникалық мамандықтар” бөлімінің “Ақылды, талантты жастар - болашаққа жол бастар” тақырыбында апталығының ашылу салтанаты болды.
Салтанатты жиында апта бойы өтетін шаралар барысы таныстырылды. 16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған қойылым тамашаланды.
Шара барысында директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары А.Аралбаева сөз алып, апталықтың жоғары деңгейде өтуіне тілектестік білдірді.
Бөлім меңгерушісі З.Сыздықбаева колледж оқытушыларын апта бойы өтетін шараларға қатысып, тәжірибе алмасуға шақырды.
ЖАҢА АПТА СӘТТІЛІККЕ, ЖАҢАЛЫҚҚА ТОЛЫ БОЛСЫН! СӘТТІЛІК!