• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 09.12.2024
  • 15

“ҚЫЗЫҚ ЕКЕН” ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫСЫ ҚЫЗЫҚ БОЛДЫ

Колледжімізде бастау алған апталық аясында  студенттерді ата-аналарымен жақын байланысқа, сыйластыққа, ізеттілікке, жауапкершілікке  және ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған “ҚЫЗЫҚ ЕКЕН” интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайысқа 9 топ қатысты. Шара барысында қатысушылар өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, ата-аналарымен бірлесе отырып түрлі тапсырмаларды орындады.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1-орын:
🔹Камаладин Нурислам (АК-9-34г), анасы – Орынбаева Рыскул
2-орын:
🔺Русланұлы Марлен (АК-9-14г), анасы – Боданова Айнұр
🔺Елеусізов Нұрахмет (ГЖ-9-14г), анасы – Жалғасбаева Нұрила
3-орын:
🔻Дастанұлы Исламхан (МЕХ-9-14г), анасы – Шарапатова Сауле
🔻Амандықова Меруерт (ТӨ-9-14г), әкесі – Мұратбаев Ғани
🔻Талғатұлы Абылай (ЭЛ-9-14г), анасы – Аябекова Жамилаға тиесілі болды.
Сайысқа қатысқан барлық студенттер мен олардың ата-аналары алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Бұл интеллектуалдық сайыс қатысушылардың жан-жақты дамуына ықпал етіп қана қоймай, отбасы құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосты. Жарыс барысында байқалған ұйымшылдық, құрмет пен ізеттілік шараның басты жетістігі болды.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да осындай бірегей шаралардың жалғасын табатынына сенеміз!