• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.12.2024
  • 12

«ORDA SHABYT» КӨРМЕ-БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар!» апталығы аясында Qoloner Brand шеберханасы мен «ORDA» жоғары колледжі бірлесіп, 9-11-сынып оқушылары арасында жас қолөнершілердің шеберлігін шыңдау мақсатында шығармашылық байқау өтті. Байқауға қала бойынша 6 мектептен 9 өнерлі жас қатысып, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы таланттарын көрсетті.
🔹 Шараға қазылық жасағандар:
✔️ Үргенішбаева Жазира Рамазанқызы – “Qoloner Brand” директоры;
✔️ Тажикова Гүлшара Дүйсенбаевна – колледж директорының орынбасары;
✔️ Бекенова Айнұр Ерталапқызы – колледж әдіскері.
🔹 Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылғардар:
🏆 Бас жүлде - Әбубәкір Аружан (№222 Т.Рысқұлов атындағы мектеп);
🥇 1-орын - Төлеген Айдос (№222 Т.Рысқұлов атындағы мектеп), Аллаберген Мерей (№253 мектеп);
🥈 2-орын - Жақсылықова Динара (№171 Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп), Темірбекова Ақбота (№271 Б.Ермекбаев атындағы мектеп);
🥉 3-орын - Ғалымжанқызы Шұға (№253 мектеп)
✨ Үздік алтын қол шебері номинациясымен Мухамет Нұртілек (№8 П.Д.Осипенко атындағы мектеп) марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысиалды.
💡 Жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тілейміз!
Ұйымдастырушы - Ж.Куздибаева