
«КӘСІБИ БАҒДАР: МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ МАҢЫЗДЫ» ДЕБАТ САЙЫСЫ
2024 жылғы 10 желтоқсанда «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен «ORDA» жоғары колледжінің «Техникалық мамандықтар» бөлімі бірлесіп, «Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар» апталығы аясында 9-11-сынып оқушылары арасында пікірталас сайысын ұйымдастырды.
Сайыс жас ұрпақтың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, өз көзқарасын сенімді түрде қорғауға үйретуге, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға, түрлі көзқарастарды құрметтеуге баулуға, жастардың көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге, шешендік өнері мен қоғамдық белсенділігін арттыруға және мемлекеттік гранттар мен кәсіби бағдардың маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы қызығушылығын оятуға бағытталды.
🔹 6 сағатқа созылған тартысты ойын нәтижесінде:
🥇 I орын – «Элита» фракциясы
Бақытова Әнел, Беделбек Ақзере, Сайлаубек Нәзік.
Жетекшісі: Шигамбаева Лаура
🥈 II орын – «Жалын» фракциясы
Тұржігіт Бақдәулет, Күмісбайқызы Еңлік, Жаңбырбай Нұрайым.
Жетекшісі: Алтынбекова Гүлзат
🥉 III орын – «Эверест» фракциясы
Исабек Айзере, Маратқызы Мерей, Қуаныш Ақжанат.
Жетекшісі: Тусипбаева Фариза
🔹 Арнайы номинациялармен марапатталдар:
✔️Үздік спикер – Беделбек Ақзере
✔️Үздік оратор – Тұржігіт Бақдәулет
✔️Ең сенімді ойыншы – Сәдуақас Кәусар
✔️Ең тапқыр ойыншы – Әділхан Інжу
📍 Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық ұйымдастырушыларға және қатысушыларға алғыс білдіреміз!
📢 Бұл шара болашаққа сенімді қадам жасайтын білімді де белсенді жастарды тәрбиелеуге арналған маңызды алаң болды.
Ұйымдастырушылар: Раев Сапарбай Мүбәракұлы, Отаров Жанболат Оразбекұлы, Пахрадин Азамат Ибрагимұлы.