
ФИНЛЯНДИЯ – АҚ ЛАЛА-ГҮЛДЕР МЕКЕНІ: КІТАП ОҚУШЫЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «ORDA» жоғары колледжі бірлесіп, «Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар» апталығы аясында «Финляндия – ақ лала-гүлдер мекені» атты кітап оқушылар конференциясын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін дамыту және шығармашылық белсенділігін арттыру арқылы олардың жан-жақты білім алуына қолдау көрсету. Сонымен қатар, бұл конференция оқырмандардың әдеби талғамын жетілдіріп, олардың ел тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.
Шара барысында студенттер Финляндия туралы қызықты мәліметтермен бөлісіп, елдің әдебиеті мен мәдениетінің ерекшеліктерін талқылады. Жиын қатысушылары белсенділік танытып, шығармашылық ойларын ортаға салып, әсерлі баяндамалар жасады.
Конференцияға саралау жасаған қазылар шешімімен жүлделі орындармен марапатталғандар:
🔺І дәрежелі диплом:
✔️ Мұратбаев Данияр (ГЖ-9-12Г тобы), жетекшісі: Мергенова Гүлдана;
✔️ Бақытова Нұрдана (ГЖ-9-14Г тобы), жетекшісі: Алтынбасов Мұрат.
🔺ІІ дәрежелі диплом:
✔️ Серіков Ерсұлтан (АК-9-12Г тобы), жетекшісі: Әбділақатова Айнагүл;
✔️ Бағидулла Арман (ГЖ-9-12Г тобы), жетекшісі: Мергенова Гүлдана.
🔺ІІІ дәрежелі диплом:
✔️ Жакас Аманхан (ГЖ-9-12Г тобы), жетекшісі: Садықова Айгерім;
✔️ Табынбай Нүрсезім (ГЖ-9-12Г тобы), жетекшісі: Мергенова Гүлдана.
📍 Конференция оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді. Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Ұйымдастырушылар: Г.Мергенова, М.Алтынбасов