• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.12.2024
  • 10

ӘРТҮРЛІ ПІШІНДІ БЕЛДЕМШЕЛЕР КОНСТРУКЦИЯСЫ

 «Техникалық мамандықтар» бөлімі «Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар!» атты апталығы аясында ТӨ-9-32Г тобында Х.Т. Алтаеваның ұйымдастыруымен «Әртүрлі пішінді белдемшелер конструкциясы» тақырыбында ашық сабағы өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларды белдемшенің шығу тарихымен және оның заманауи түрлерімен таныстыру, конструкция құрастыру әдістерін үйрету, сондай-ақ пішу және тігу дағдыларын тәжірибеде қолдану болды. Сабақ барысында оқушылар дене бітімі мен сымбат ерекшеліктерін ескере отырып, белдемше конструкциясына өзгерістер енгізуді үйренді.
Теориялық бөлімде белдемшенің сән әлеміндегі маңыздылығы, оның түрлері және конструкциялық ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Практикалық бөлімде оқушылар өз қолдарымен белдемше құрастырып, пішу және тігу жұмыстарын орындап, кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Сабақ соңында оқушылар өздерінің жұмыстарын қорғап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Белдемше құрастырудағы бұл тәжірибе олардың сән үлгілеу саласындағы білімдерін нығайтып, кәсіби дамуына ықпал етті.
Мұндай сабақтар болашақ мамандарды дайындауда маңызды рөл атқарады және олардың шығармашылық әлеуетін ашады!