• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.12.2024
  • 6

🎥 КИНО TIME

“Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар” апталығы аясында “KИНО TIME” өтті
Аталған шарада режиссер С.Таласовтың “Қызыл диплом” фильмі көрсетілді. Шынайы өмірдің көріністерін суреттеген бұл туынды жастардың ерекше қызығушылығын оятты. Фильмнің негізгі идеясы – білім мен өмірдегі шынайы құндылықтардың өзара байланысы. Ол көрермендерді кәсіби жетістікке жету жолында адами қасиеттерді сақтаудың маңыздылығын түсінуге шақырады.
Фильм кейіпкерлерінің оқиғалары арқылы қоғамда өз орныңды табу, қиындықтарға мойымай, алға ұмтылу сынды маңызды өмірлік ұстанымдар көрсетілді. Жастар фильмді көріп, оның тәрбиелік мәнін терең түсініп, ойларымен бөлісті. Шара соңында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, фильмнің әртүрлі қырларын талқылады.
Мұндай шаралар жастардың рухани және мәдени дамуына ықпал етіп, оларды терең ойлануға, дұрыс шешімдер қабылдауға шабыттандырады. “Қызыл диплом” фильмі көрермендерге шынайылықтың, еңбексүйгіштік пен адамгершіліктің нағыз құндылық екенін тағы бір еске салды.
Ұйымдастырушы: Ж.Маликова