
ЭЛЕКТР СЫМДАРЫН НАУАДА ЖӘНЕ ҚОРАПТАРДА МОНТАЖДАУ
ЭЛ-9-12Г тобының студенттері “Әр түрлі кабельдік желілерді төсеу” пәні бойынша өткен сабақта “Электр сымдарын науада және қораптарда монтаждау” тақырыбын меңгерді. Сабақты Кунакбаева Арайлым Сагындыковна өткізді. Нысанды үздіксіз электрмен жабдықтау жүйесін қамтамасыз етуге дейін тұтынушыларды электр энергиясының көздеріне қосу шарттарын түсіндіру және розеткалар, қосқыштар мен жарық шамдарының сымдарын науада немесе қорапта жинап жалғауды мақсат еткен сабақтың теориясы мен тәжірибесі қатар жүрді.
Сабақ барысында тыңдаушылар жаңа материалды ұғынудың маңыздылығын түсініп, тақырып бойынша жаңа терминдерге назар аударды. Теориялық бөлімде науаның түрлері, сымдарды төсеу қашықтығы мен шарттары, қораптардың түрлері және қорапқа төселетін сымдардың маркалары толық түсіндірілді. Сергіту сәті ретінде білім алушылар QR код арқылы жеке онлайн тапсырмалар орындап, өз білімдерін пысықтады.
Өзіндік жұмыс кезінде студенттер тарату торабында сымдарды жалғау жұмыстарын орындады.
Бұл сабақ студенттердің жаңа технологияларды игеруіне, кәсіби шеберлігін арттыруына және электр жүйелерін қауіпсіз әрі сапалы монтаждауды үйренуіне мүмкіндік берді.
Ашық сабақ "Техникалық мамандықтар» бөлімінің «Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар!» атты апталығы аясында өткізілді.