• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.12.2024
  • 6

“ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР” АКЦИЯСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ САЯХАТЫ

«Өз көзіңмен көр» акциясы аясында Қызылорда облыстық Полиция департаментінде жастарға арналған “Полиция мен бала” атты танымдық іс-шара өтті. Бұл шара Қызылорда облысының Білім басқармасы, Полиция департаменті және Денсаулық сақтау басқармасының құқық бұзушылықтың, буллингтің, есірткі қолданудың, вейп пен лудоманияның алдын алуға бағытталған бірлескен жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Танымдық шараға «ORDA»  жоғары колледжі студенттері қатысып, полиция қызметінің әртүрлі қырларымен танысып, департаменттің мұражайын аралады. Кинология орталығындағы қызметтік иттердің жаттығуын, арнайы жасақтың жұмысын, заманауи қару-жарақтарды, көлік құралдарын, соның ішінде көгуар бронемашинасын көріп, олардың қолдану ерекшеліктерін білді.
Жедел басқару орталығы мен қызметтік автокөліктердің жұмысын көрген студенттер құқық қорғау саласының кәсіби деңгейін сезініп, полицияның қоғамдағы маңызды рөліне көз жеткізді. Департамент қызметкерлері жастарға өздерінің күнделікті қызметі туралы жан-жақты түсіндіріп, құқық қорғау органдарының міндеттері мен мақсаттарын ашып көрсетті.
Бұл кездесу студенттерге құқықтық білімін тереңдетіп қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді.