• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 12.12.2024
  • 10

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: АШЫҚ САБАҚ

09 желтоқсан күні РОБ-9-14г тобында “Информатика” пәнінен педагог Мүсірәлі Бекзат “Ақпараттық технологияның дамуындағы қазіргі заманғы процестер. Жасанды интеллектіні қолдану саласы” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Студенттерге заманауи ақпараттық технологиялардың даму үрдістерін таныстырып, жасанды интеллекттің (AI) қолдану салалары мен мүмкіндіктерін тереңірек түсіндірілген  сабақта  студенттер төрт топқа бөлініп, берілген тақырыптар бойынша зерттеу жасап, өз жұмыстарын қорғады.
Сабақ барысында қолданылған тәсілдер студенттердің белсенділігін арттырып, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Шығармашылық идеялар ұсынуға арналған тапсырмалар мен топтық талқылаулар олардың қызығушылығын оятып, бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ойын элементтері мен интерактивті тапсырмалар сабаққа ерекше серпін беріп, қатысушылардың назарын толық шоғырландырды.
Сабақтың нәтижесінде студенттер жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін зерттеп, ChatGPT, Gamma.app, D-id.com, және Arloopa платформаларымен танысты. Әрқайсысының ерекшеліктері мен қолданыс салаларын тәжірибе арқылы көріп, жасанды интеллекттің шексіз әлеуетін түсінді.
Бұл сабақ студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, оларды жаңа технологияларды меңгеруге ынталандырды. Студенттердің белсенділігі мен шығармашылық көзқарасы сабақтың жоғары деңгейде өткенінің дәлелі болды.