
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БАТЫРЛАРЫ: РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВҚА - 100 ЖЫЛ
«Orda» жоғары колледжінің базасында «Дене тәрбиесі және жалпы білімдік пәндер» бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Шабыт» жобасы аясында облыстық «Тәуелсіз елдің батырлары» әскери-патриоттық сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді Отансүйгіштікке, батылдық пен ептілікке баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және оларды болашақта ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет етуге ынталандыру.
Сайысқа 11 команда қатысып, 7 кезең бойынша өзара сынға түсті.
Қазылық жасаған төрешілер - алғашқы әскери дайындық пәнінің тәжірибелі мамандары Жұмахметов Сейтқасым Бақбергенұлы, Әлібеков Рақымбек Темірбекұлы, Жалғасбаев Азамат Оразбекұлы және 5547 әскери бөлімінің лейтенанттары Абдуллаев Жасурбек Додоханович, Беков Нұрдос Айдосұлы, Төлебек Нұрсұлтан.
Жарыс қорытындысы бойынша:
✔️ І орын – Өркениет медициналық колледжі (жетекшісі: Сейілхан Н.);
✔️ ІІ орын – «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі (жетекшісі: Әбдібеков Б.);
✔️ІІІ орын – «Orda» жоғары колледжі (жетекшісі: Нұрмағанбетов Ә.).
Бұл сайыс жастардың әскери дағдыларын шыңдап, патриоттық рухын арттыруға, бірлік пен батылдыққа баулуға ерекше үлес қосты.
Сайысқа қатысқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!