
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ОНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ӘЛЕУЕТІ
«ORDA» жоғары колледжі «Техникалық мамандықтар» бөлімінің «Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар!» атты апталығы аясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша «Жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.
Студенттер арасында жасанды интеллекттің (ЖИ) әртүрлі салаларға әсерін талқылап, оның қазіргі даму деңгейін анықтап, болашақ мүмкіндіктерін зерттеуге баулуға бағытталған тың баяндамаларға толы болды.
Ғылыми-практикалық іс-шараға 16 студент қатысты. Олар өз жобаларын қорғап, жасанды интеллект саласындағы тың идеяларымен бөлісті.
Конференция нәтижесінде үздік студенттер анықталды:
✔️ І ОРЫН – ШТ-9-14Г оқу тобының студенті Бахитқызы Рабия, жобасы өзектілігі мен терең зерттеуімен ерекшеленді;
✔️ ІІ ОРЫН – НО-9-21Г оқу тобының студенті Азиева Аружан және АҚ-9-12Г оқу тобының студенті Әбек Бекмұхаммед, инновациялық идеялары үшін марапатталды;
✔️ ІІІ ОРЫН – АК-9-12Г оқу тобының студенті Серіков Ерсұлтан, АҚ-9-12Г оқу тобының студенті Нұрланқызы Балжан және ҚШ-9-14Г оқу тобының студенті Хамитова Нұрбихан, өз жобаларының практикалық маңыздылығымен танылды.
Қатысқан барлық студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.
Конференция жас зерттеушілерге ЖИ-дің қазіргі жағдайын тереңірек түсінуге, оның қолданылу салаларын бағалауға және болашақта оның әлеуетін барынша тиімді пайдаланудың жолдарын іздестіруге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар: Садықова А. және Таскинбаева Г.