
ҰЙҒЫР ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ
«Ақылды, талантты жастар – болашаққа жол бастар!» атты апталық аясында жатақхана студенттері арасында көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және азпаздыққа баулу мақсатында ұйғыр ұлттық тағамдарына арналған ерекше шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер лагманның қамырын қалай созуды үйреніп, самса мен тандыр нан жасаудың қыр-сырын меңгерді.
Жүргізілген шара жатақхана студенттерінің арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға да ықпал етіп, оларды қызықты әрі пайдалы іс-шараларға жұмылдырды. Студенттер тағам дайындаудың дәстүрлі тәсілдерімен таныса отырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шараға қатысушылар шеберлік сабағында тек аспаздық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар ұйғыр халқының тағамдарына деген сүйіспеншіліктерін де көрсете білді.
Шараны ұйымдастырушылар: Төлепбергенова Толғанай мен Садықова Айгерім.