
“ТӘУЕЛСІЗДІК – БАСТАУЫ БАР БАҚЫТТЫҢ” ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАУ АЛДЫ!
16 желтоқсан – әр қазақтың жүрегінде оттай маздап, бостандықтың баға жетпес құндылығын ұлықтайтын қасиетті күн. Тәуелсіздік – ұлт рухының биіктігі мен болашаққа деген сенімінің символы.
Осы атаулы күнге орай, Студенттік Парламент еліміздің егемендігін дәріптейтін “Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың” атты челлендж ұйымдастырды. Челлендж аясында қатысушылар азаттықты жырлап, шығармашылықпен бөлісіп, рухани құндылықтарды жаңғыртады.
Сіз де қосылыңыз, тәуелсіз елдің ұл-қызы екеніңізді мақтанышпен көрсетуге үлес қосыңыз!