
ОБЛЫСТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ “ЭЛЕКТРОМОНТАЖ” САЙЫСЫ ӨТТІ
«ORDA» жоғары колледжінің «Техникалық мамандықтар» бөлімі ұйымдастырған «Ақылды талантты жастар – болашаққа жол бастар» атты апталық аясында қала және облыс колледждері арасында «Электромонтаж» іс-тәжірибесі бойынша сайыс өтті.
🔺Сайыстың мақсаты:
✔️ Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
✔️ Білім алушылардың кәсіби шеберлігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыру;
✔️ Жаңа технологияларды қолдана отырып, кәсіби тәжірибені жетілдіру және үздік жұмыстарды анықтау.
Сайысқа 7 оқу орнынан сайыскерлер қатысып, төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:
🥇 I орын: Лян Аркадий, Шиелі индустриалды аграрлық колледжі студенті.
Жетекшісі: Мейірбек Сұлтанбек
🥈 II орын: - Қонысбаев Абылай, И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі студенті;
Жетекшісі: Совет Маралхан Талғатұлы
🥉 III орын: Алпысбаев Саят Қайратұлы, С. Ысқанов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенті.
Жетекшісі: Алиеа Дамегуль Тулеуовна
Барлық сайысқа қатысушылар алғысхаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: Ерімбетов А.С., Жұмаділов Ғ.Б., Кунакбаева А.С., Қожасбаева Г.И.