• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 15.12.2024
  • 6

ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ

Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі құндылығы. Оның қадірін біліп, сақтау – әрбіріміздің борышымыз.
Ел мерекесінің қарсаңында ТӨ-9-12г оқу тобында “Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.  Тәрбие сағаты 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының батырларына құрмет көрсету, олардың ерлігіне тағзым ету мақсатында ұйымдастырылады.
Сабақ барысында студенттер Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызымен танысып, сол кездегі саяси жағдай мен жастардың қайсарлығын түсінді. Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды батырлардың ерлігі дәріптеліп, олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі баяндалды.
Сонымен қатар, студенттер «Мен үшін Тәуелсіздік деген не?» тақырыбында пікірталасқа қатысып, өз ойларын ортаға салады.
Топ жетекшісі: Куздибаева Ж. Б.