• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 15.12.2024
  • 23

ОТАНЫМ – БАҚЫТ ОРДАСЫ: ПАТРИОТТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  студенттердің рухани-патриоттық сезімін оятып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және бос уақытты тиімді өткізуге баулу мақсатында Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен “Отаным – бақыт ордасы” атты патриоттық ән байқауы ұйымдастырылды. 
Байқауға  7 студент қатысып, өздерінің әншілік қабілеттерін ортаға салды. Әрбір қатысушы патриоттық рухта , елге, жерге деген сүйіспеншілігін жүрек жарды әндері арқылы жеткізді.
Байқау жеңімпаздар: 
🔺 І орын – Инф-9-14г оқу тобының студенті Тажмахан Бағдат.
🔺 ІІ орын – ҚШ-9-14г оқу тобының студенті Мергенбаева Жібек.
🔺 ІІІ орын – БҚ-9-12г оқу тобының студенті Базарбек Аян.
Байқауға белсене қатысқан басқа студенттер алғысхаттармен марапатталды.
Бұл шара студенттердің азаматтық және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ патриоттық рухты нығайтуға өз үлесін қосты. Ән байқауы жас таланттарды анықтап, олардың шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырды.