
ТӘУЕЛСІЗДІК РУХЫ
Жатақханамызда Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік рухы" тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кеш тәуелсіздік жолында жанын қиған бабалар рухына тағзым етіп, азаттықтың қадірін ұлықтауға арналды.
Шара барысында студенттер жүрек тебірентер өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқап, қасиетті домбырамен күмбірлеген күй орындады. Ұжымдық хор мен өнерлі жастардың шығармашылық қойылымдары кештің көркін қыздырып, рухты асқақтатты. Әрбір өнер туындысы Тәуелсіздік құндылығын, елге деген махаббатты көрсетті.
Бұл кеш – жастардың ел тарихын ұмытпай, Тәуелсіздіктің құндылығын ұғынуларына арналған шара болды. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!