• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 18.12.2024
  • 17

ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР: САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ

Облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысының полиция департаменті және Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасымен  бірлескен ҚАДАМДЫҚ ЖОСПАР негізінде «ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨР» жобасы аясында ORDA жоғары колледжінің З-9-14 оқу тобының студенттері Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығына барып, олардың қызметімен танысты. 
Жастарды есірткі мен ішімдіктің зияны туралы ақпараттандыру, психикалық денсаулықты сақтау жолдарын үйрету және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған шара студенттер үшін танымдық ақпаратқа толы болды.
Студенттер орталықта психологиялық көмек көрсету және денсаулықты қалпына келтіру бағытында жүргізілетін әдістермен танысты. Мамандар олардың психикалық денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіріп, қиын жағдайларда көмек сұраудан қорықпау қажеттігін айтты. Ал нашақорлық орталығында есірткі заттарын қолданудың қауіптілігі мен салдары нақты өмірлік мысалдар арқылы ашып көрсетілді. 
Мамандар ішімдік ішіп қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды уақытша қамауға алу және арнайы құрылғылар арқылы тексеру жұмыстары туралы ақпараттандырды.