
КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ - ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ
Бүгінгі таңда қоғамның дамуы мен өркендеуінде келісім мен ынтымақтың алатын орны ерекше. Осы ұғымдарды терең ұғыну және олардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында “Келісім мен ынтымақ – жетістік кепілі” тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауға БҚ-9-34, 3-9-14, ҚТ-9-14, НО-9-24 оқу топтарынан барлығы 42 студент қатысты.
Әрбір қатысушы өз шығармасында келісім мен ынтымақтың адам өміріндегі, қоғамдағы және мемлекет дамуы үшін маңызды екенін ашып көрсете білді. Жазба жұмыстарында студенттер өз ойларын көркем тілмен жеткізіп, шығармашылық қабілеттерін айқын көрсетті.
Эсселерді пән оқытушысы Сейтжанов А.С. әділ түрде бағалап, қорытындысын шығарды. Студенттердің бұл тақырыпқа деген ерекше қызығушылығы мен терең көзқарасы олардың саналы, білімді және белсенді тұлға екендерін көрсетті.
Келісім – мықты қоғамның негізі, ынтымақ – жетістікке жетелейтін жол. Осы эссе байқауы арқылы студенттеріміз бұл құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы өз рөлін түсіне білгені қуантады.
Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың шығармашылық дамуына ықпал ететініне сенімдіміз!