
“КІТАП ТАЛҚЫ” БАЙҚАУЫ ӨТТІ
2024-2025 оқу жылының 17 желтоқсан күні “Оқуға құштар колледж – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында студенттер арасында “Кітап талқы” байқауы өтті. Байқау студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға ББ-9-11, НО-9-21Г, ҚТ-9-11, ББ-9-12, МТ-13Г топтары қатысып, Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» және Қажығали Мұхаметқалиұлының «Тар кезең» шығармаларын талқылады.
Үш кезең бойынша өткен байқауға:
🔺Бахтиярова Сара – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, ф.ғ.к.;
🔺Қараманова Жанат Тұяқбайқызы – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың қызметкері;
🔺Сауяева Венера Сақтапбергенқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы қазылық етті.
Кітап оқып, шығарманы талдауда жеңісті нәтиже көрсеткендер:
🔹Бітіруші топтар арасында:
🥇 І орын – НО-9-21Г (тәлімгері: Бекенова А.Е.)
🥈 ІІ орын – ББ-9-11 (тәлімгері: Фазылова Г.М.)
🥉 ІІІ орын – ҚТ-9-11 (тәлімгері: Орынбасар Т.О.)
🔹2-3 курстар арасында:
🥇 І орын – МТ-13Г (тәлімгері: Ләзи А.Б.)
🥈 ІІ орын – ББ-9-12 (тәлімгері: Жақанова М.Б.)
Бұл байқау студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқу мәдениетін нығайтуға үлкен үлес қосты!
Ұйымдастырушы: А.Е.Алибаева