• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 20.12.2024
  • 19

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Колледжімізде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың құқықтық жауапкершілігі туралы ақпарат беру мақсатында “Заң және тәртіп” тақырыбында ақпараттық-түсіндірмелі лекция ұйымдастырылды.
Шараға Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Абдулғазиз Сәкен Адайбекұлы, Қалалық жастар орталығының директоры Жорабек Медет, сондай-ақ колледждің оқу-тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Абдибаттаева Гүлнар Мәуленқызы қатысты.
Лекция барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң бұзушылықтың салдары және құқықтық жауапкершілік туралы маңызды ақпарат берілді. Сұрақ-жауап форматында өткен кездесуде студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауап алды.
Бұл іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Осындай мазмұнды кездесулер студенттер үшін ерекше маңызға ие, себебі құқықтық білім – олардың болашақтағы өміріне қажетті іргелі негіз.