
📚“КІТАП ТАЛҚЫ - 2” БАЙҚАУЫ ӨТТІ
18 желтоқсанда “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігі бойынша білім алушылар арасында. Shakespeare-дің «King Lear» шығармасына арналған «Кітап талқы - 2» байқауы өтті. Бұл шара “Оқуға құштар колледж – оқуға құштар ұлт” жобасы аясында ұйымдастырылып, студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды және оқу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етті.
Байқауға ШТ-9-11, ШТ-9-12Г және ШТ-9-32Г топтары қатысты. Үш кезең бойынша сынға түскен студенттер төмендегідей нәтиже көрсетті:
🥇 І орын – ШТ-9-12Г (тәлімгер: Төлемісова А.А.);
🥈 ІІ орын – ШТ-9-11 (тәлімгер: Раманкулова Д.Н.);
🥉 ІІІ орын – ШТ-9-32Г (тәлімгер: Утешова С.М.).
Байқауға қазылық жасағандар:
🔹Темірбай Мағжан Әуезханұлы – “Study Link” орталығының ағылшын тілі мұғалімі;
🔹Жансай Жания Қалманқызы – №222 мектептің ағылшын тілі мұғалімі;
🔹Снасапова Гүлжан Жұмашқызы – "ORDA” жоғары колледжінің шет тілі пәнінің оқытушысы;
Шара студенттерге шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, әдеби білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.